Ұлттық компания басшысының айтуынша, жаңа бөлімше «Амангелді Газ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін «QazaqGaz» Барлау мен Өндіру» бөлімшесіне трансформациялау арқылы құрылады. 

«Біздің команда қазір маңызды мәселені шешу үстінде, ол 2024 жылы туындайтын тауарлық газ тапшылығын болдырмау. Ресурстық базаны ұлғайту мақсатында жаңа «QazaqGaz» «Барлау және өндіру» бөлімшесін құру туралы шешім қабылдады. Ол жерде жер қойнауын пайдалану бойынша жаңа жобалар шоғырландырылады», – деді QazaqGaz компаниясының басқарма төрағасы Санжар Жаркешов. 

Бұдан басқа, Санжар Жаркешов компанияларды серіктестік орнатуға шақырды. Ұлттық компания басшысы жасалып жатқан трансформациялардың арқасында, газ саласы тиімді әрі инвестиция үшін тартымды болып келе жатқанын алға тартты.