"QazaqGaz" ҰК " АҚ және цифрландыру саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі Presight (G42) компаниясы газ саласын цифрлық трансформациялау бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Келісімге Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Дубайдағы  Климат жөніндегі дүниежүзілік СОР28 саммитіне қатысуы аясында  «QazaqGaz «ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Санжар Жаркешов пен Presight (G42) Басқарма төрағасы Томас Прамотедхам қол қойды.

Бұл стратегиялық қадам газ жүйесіндегі шығындарды тиімді басқаруды және азайтуды қамтамасыз ете отырып, газды есепке алудың транспаренттілігін арттыруға мүмкіндік береді. Қол қойылған Келісім шеңберінде газды есепке алу ашықтығын арттыру бойынша пилоттық жобаны іске асыру жоспарлануда. Сонымен қатар,  келісім аясында тараптар тұрғындар газ компаниясы арасында тиімді іс-қимылды көздейтін әмбебап биллинг жүйесін әзірлеу мәселесін қарастырды.

Пилоттық жобаның қорытындысы бойынша Қазақстанның бүкіл аумағында магистральдық газ құбырлары мен газ тарату желілері бойынша тиімді шешімдерді қолдану мүмкіндігі қаралады. Бұл газ саласындағы деректердің сапасын жақсартады, адами факторларды азайтады және тиімді басқаруды қамтамасыз етеді. Бұдан бөлек,  газды тасымалдау шығындарының айтарлықтай төмендеуіне әсер етеді.

Анықтама:

Presight-жасанды интеллект саласындағы жаһандық көшбасшы G42  тобының құрамына кіретін қоғамдық компания. Presight жасанды интеллект негізіндегі үлкен деректерді талдау жұмыстарын жүргізуде жетекші орында.