«QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешов CNPC Директорлар Кеңесінің төрағасы Дай Хоулянмен серіктестік аясын кеңейту, бірлескен жобалар мен қазақстандық газдың Қытайға экспорт барысын талқылады. Келіссөздер ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сатқалиевтің ҚХР жасаған жұмыс сапары аясында өтті.
Кездесуге қатысушылар геологиялық барлау бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігін талқылады. QazaqGaz басшысының айтуынша ұлттық компания жаңа участоктарды алу бойынша жұмыстарды қарқынды жүргізуде. CNPС компаниясының өкілдері перспективалы учаскелерді бірлесіп зерттеуге қызығушылық танытты.