«QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешов пен Society of Petroleum Engineers (SPE) президенті Оливье Хузе мұнай-газ саласы үшін кадрлар даярлау саласындағы серіктестік перспективаларын талқылады.
Бұл ретте тараптар QazaqGaz Ғылыми-техникалық орталығының қызметі аясында әріптестікті нығайтуға ниетті. Сонымен қатар, QazaqGaz-дың жас қызметкерлерін және QazaqGaz стипендиясының жеңімпаздарын еліміздің мұнай-газ саласының болашақ көшбасшыларын дамытуға арналған SPE тәлімгерлік бағдарламасына қатысуға тарту мәселесі қарастырылуда.
Айта кетейік, Санжар Жаркешов бірнеше жыл бойы халықаралық мұнай-газ өнеркәсібі инженерлер Қоғамының (SPE) өңірлік бөлімшелерін басқарды.
Естеріңізге сала кетейік, «QazaqGaz» ҰК» АҚ Сәтпаев Университетіндегі Қ.Тұрысов атындағы геология және мұнай-газ институтының, сонымен қатар ҚБТУ энергетика және мұнай-газ өнеркәсібі факультетінің студенттеріне атаулы стипендиясын тағайындаған болатын. Іріктеуге 110 студент қатысқан болатын.