Қол қойылған шарттың талаптарына сәйкес «ҚазТрансГаз» АҚ СК ӨБК қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін, 2042 жылға дейін Қашаған газының бүкіл көлемін сатып алатын болады. Қашаған газын жеткізудің жоспарланып отырған жыл сайынғы көлемі 2,0 – 3,0 млрд текше метрді құрайды, бұл ішкі нарыққа және экспортқа арналған газдың айтарлықтай көлемін шоғырландыруға мүмкіндік береді.

СК ӨБК бойынша мердігер компаниялар арасында: «Аджип Каспиан си Б.В.», «КонокоФиллипс Норт Каспиан ЛТД», «ЭксонМобил Казахстан ИНК.»,«Инпекс Норт Каспиан Си, ЛТД.», «ҚМГ Қашаған Б.В.», «Шелл Казахстан Девелопмент Б.В.», «Тоталь ЭиП Казахстан» бар.

«Қол қойылған Шарт тартылған барлық тарап үшін ұзақ мерзімді әрі өзара тиімді болып табылады. Республикамызды белсенді түрде газдандыру жалғасуда, осы Шартқа қол қойылғаннан кейін ҚР газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық операторы болып табылатын біздің компания ішкі нарықтың табиғи газға деген қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қосымша мүмкіндіктер мен ресурстарға ие болады.» - деп «ҚазТрансГаз» АҚ-ның Бас директоры Серік Сұлтанғали атап өтті.

«ҚазТрансГаз» АҚ-ның Жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаменті

Тел: +7(7172) 552946 [email protected]