«QazaqGaz»ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Санжар Жаркешов «ҚазТрансгаз Аймақ» АҚ ұжымына жаңа басшы Бауыржан Асқаровты таныстырды.
«QazaqGaz»ҰК» АҚ Директорлар Кеңесінің шешімімен «ҚазТрансгаз Аймақ» АҚ еншілес компаниясының бас директоры (Басқарма төрағасы) лауазымына Асқаров Бауыржан Бекзатханұлы тағайындалды.
Бауыржан Асқаров Губкин атындағы Ресей Мемлекеттік мұнай және газ университетін, Мәскеудің халықаралық қатынастар мемлекеттік университетін тәмамдаған.
Түрлі жылдары ҚР Мұнай және газ министрлігінің басқарма басшысы, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ департамент директоры, «Eni Agip Caspian Sea» компаниясында бас кеңесші, «KMG Drilling & Services» басқарушы директор, аппарат жетекшісі, «ҚазМұнайГаз» Барлау және Өндіру» АҚ басқарма мүшесі – бас директордың орынбасары, Норт Каспиан Оперейтинг Компани – КМГ-Кашаган B.V. корпоративтік сервис жөніндегі директор қызметтерін атқарған.