Қазақстанның энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев ҚХР Мемлекеттік энергетика басқармасының басшысы Чжан Цзяньхуамен кездесті. "QazaqGaz" ҰК " АҚ Басқарма Төрағасы Санжар Жаркешов ҚХР ірі энергетикалық компанияларының өкілдерімен және мемлекеттік органдармен бірқатар кездесулерге қатысты.
Атап айтқанда, тараптар энергетикадағы әріптестікті кеңейтуді талқылады, сондай-ақ елдердің энергетика саласындағы ынтымақтастығының перспективалары туралы пікір алмасты. Көміртекті бейтараптыққа қол жеткізудің ұқсас мақсаттары атап өтілді. Қатысушылар сондай-ақ газ саласындағы нақты қолданыстағы және жаңа жобаларды талқылады.