Алматы облысы - «Алматы-Байсерке-Талғар» МГҚ-ның 2-ші тармағын салу» жобасы Мемлекет Басшысының Алматы ЖЭО-ны газға ауыстыру жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде басым тәртіппен іске асырылуда.
Газ құбырының ұзындығы 62,4 км, диаметрі 530 мм, өткізу қабілеті 1 000 000 м3/сағ.
«Алматы-Байсерке-Талғар» МГҚ-ның 2-ші тармағының құрылысы 2023 жылдың қазан айында басталды. Қазіргі уақытта жобалық 62,4 км құбырлардан 52 км дәнекерленген. Кран тораптары мен тазарту құрылғыларын іске қосу және қабылдау тораптарын құрастыру жұмыстары басталды. Құрылысты аяқтау ағымдағы жылдың қыркүйегіне жоспарланған. Айта кету керек, 2023 жылдың қараша айында QazaqGaz еншілес компаниясы – «Интергаз Орталық Азия» АҚ – Алматы энергокешені үшін газ инфрақұрылымын дайындаудың бірінші кезеңін аяқтады, оған сәйкес өнімділігі тиісінше 250 және 150 мың м3/сағ екі автоматты газ тарату станциясының құрылысы жүргізілді. Бұдан басқа, өнімділігі сағатына 1 000 мың м3 «Алматы-Байсерке-Талғар» және «Қазақстан-Қытай» магистральдық газ құбырлары арасында TIP-04 жалғастырғыштың құрылысы аяқталды.
Бұл жобаны іске асыру ЖЭО-ның табиғи газды жағуға ауыстыру есебінен Алматының экологиялық жағдайына теріс экологиялық әсерін азайтуды, сондай-ақ Алматы мен Алматы өңірінің тұтынушыларын сенімді және үздіксіз газбен жабдықтауды қамтамасыз етеді.