Сыздықов Асқар Хамзаұлы – 1954 жылғы 13 тамызда Қызылорда облысында туған. Білімі жоғары, 1980 жылы Алматы қ. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын біліктілік беріле отырып, «Пайдалы қазбалар кен орындарын барлау техноолгиясы мен техникасы» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек қызметін 1980 жылы Қазақ политехникалық институтында «Бұрғылау машиналары мен тетіктері» пәні бойынша ұңғымаларды бұрғылау технологиясы мен техникасы кафедрасының оқытушысы болып бастаған. Салалық зертханада кіші ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер және инженер болып жұмыс істеді.
1992 – 2002 жылдар кезеңінде бизнес-құрылымдарда өндірістік және коммерциялық қызметті басқарды.
2003 – 2012 жылдары «ҚазТрансГаз» ЖАҚ Жамбыл филиалында директор, «Амангелді Газ» ЖАҚ Бас директоры, «ҚазТранГаз» АҚ газ кен орындарын игеру жөніндегі департаменттің директоры лауазымында қызмет етті.
2012 жылғы қазан – 2013 жылғы маусым аралығында халықаралық стандарттар бойынша мұнай және газ қорларының аудиті - «НефтеГазКонсалт-Қазақстан» ЖШС-ның Бас директоры болып жұмыс істеді.
«ҚР жер қойнауын барлау озаты», «Мұнай-газ саласының еңбек сіңірген қызметкері» белгілерімен, «Қазақстанның құбыр көлігіне 70 жыл» мерекелік медалімен, ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің, ҚР Мұнай және газ министрлігінің, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның құрмет грамоталарымен наградталған.
Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының толық мүшесі болып табылады,
40-тан астам ғылыми еңбектер мен өнертабыстардың авторы болып табылады. Оның «Алмас бұрғылау қаптамасы» атты өнертабысы 1998 жылы Кабардин-Балкар алмас құралдар зауытында сериялық өндіріске енгізіліп, қазіргі уақытта да шығарылуда.
"ҚазТрансГаз" АҚ 2000 жылы мұнай-газ саласындағы жұмыстарды жүйелеу үшін құрылған және барлау, өндіру, тасымалдау және газды бөлу кезінде активтерді корпоративтік басқару жөніндегі қызметтерді жүзеге асырады. 2012 жылғы шілдеден бастап "ҚазТрансГаз" АҚ ҚР Үкіметінің шешімімен газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық оператор болып айқындалды.
«ҚазТрансГаз» АҚ-ның Жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаменті
Тел: 8-(7172)-55 23 16, [email protected]