«Шардара» ГӨС «Газли-Шымкент» магистральдық газ құбырының 314 км-де орналасқан, жобалық газ қысымы 7,5 МПа (75 кгс/см2) және өнімділігі сағатына 834 000 текше метр. «Шардара» ГӨС елді мекендерден ең шалғай және өз аналогы бойынша іс жүзінде бірегей объект екенін атап өткен жөн, өйткені тіршілікті қамтамасыз ету және өндірістік процесс электр энергиясының және сумен жабдықтаудың сыртқы көздеріне қарамастан, дербес жүзеге асырылады.
«Жетісай» ГӨС «Бұқара газды ауданы – Ташкент-Бішкек-Алматы» магистральдық газ құбырының 372 км-де орналасқан, жобалық газ қысымы 5,4 МПа (55 кгс/см2) және өнімділігі сағатына 834 000 текше метр. Екі станция да заманауи және дәлдігі жоғары жабдықтармен жабдықталған, бұл газ шығынын өлшеу дәлдігіне қол жеткізуге ғана емес, сонымен қатар газ компонентінде құбыр металына агрессивті әсер ететін химиялық элементтердің болуын уақтылы анықтауға мүмкіндік береді.
«Интергаз Орталық Азия» АҚ Техникалық директоры Серікхан Байзақовтың айтуынша, соңғы үлгідегі заманауи станцияларды пайдалануға беру Өзбекстан аумағынан қазақстандық магистральдық газ құбыры жүйесіне түсетін газды есепке алуды өлшеу дәлдігін, сондай-ақ бұл газ тасымалдау жүйесіне газ құбырының өткізу қабілетінің төмендеуіне, қызмет ету мерзімінің азаюына, гидраттардың пайда болуы үшін жағдайлардың туындауына, газ құбырын жөндеу бойынша шығыстардың ұлғаюына және т.б. алып келетін кондициялық емес газды беруді бақылау және алдын алу үшін газдың сапалы көрсеткіштерін арттыруға мүмкіндік береді.
Осы уақытқа дейін барлық өлшеу тораптары беруші жақта, яғни шекаралас мемлекеттің аумағында болды. Бұл объектілер газ құбырын салу уақытында, яғни өткен ғасырдың 60-70 жылдары іске қосылған. Әрине, ол кезде газды ультрадыбыстық есепке алу әдісімен жабдықталған газды есепке алудың жаңа торабымен еш салыстыуруға келмейтін ескі технологиялар қолданылған. Бұл есепке алудың ең заманауи әдісі, оның қателігі өлшенетін газ көлемінің 1 пайызынан аспайды.
ҚазТрансГаз ұлттық компаниясының басты міндеттерінің бірі отандық газ тасымалдау жүйесінің сенімділігі мен қуатын арттыру болып табылады. Бүгінгі таңда Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай газ мамандары еліміздің тәуелсіздігін нығайтуға, оның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өз үлестерін қосуда.
Сонымен қатар, газ өлшеу станцияларының қызметкерлері үшін вахталық қалашықтар салынды, онда еңбек пен тұрмысқа барынша қолайлы жағдайлар жасалған.
«ҚазТрансГаз» АҚ Баспасөз қызметі
Байланыс тел: +7(7172) 55 23 16