«QazaqGaz» ҰК» АҚ-да геологиялық барлау, цифрландыру және газды жерасты сақтау мәселелеріне арналған Ғылыми-техникалық кеңестің (ҒТК) отырысы өтті. ҒТК "QazaqGaz ҒТО" ЖШС болып табылады..

Жиналысқа «QazaqGaz» ҰК» АҚ, «Интергаз Орталық Азия» АҚ, «QazaqGaz ҒТО» ЖШС қызметкерлері қатысты.

«QazaqGaz» ҰК» АҚ перспективалық жобалар және геологиялық барлау департаменті талқылауға келесі мәселелерді шығарды:


- газдандыру перспективаларын бағалау және одан әрі жұмыс бағдарламасын / жоспарын қалыптастыру мақсатында Халықаралық учаскелер бойынша Ұлттық геологиялық қызметтің қор материалдарын жинақтау және талдау;

- тарихи есептерді өзектендіру арқылы («Орта Азия - Орталық» магистральдық газ құбыры, Сары-Арқа, ББШ/ТБА магистральдық газ құбыры бойында және Алматы қ. жанында) жаңа ЖГҚ құру үшін перспективалық құрылымдар базасын қалыптастыру;

- Шалқар учаскесінде іздестіру-барлау ұңғымасын бұрғылау


Негізгі тақырыптардың бірі «QazaqGaz ҒТО» ЖШС Геология және кен орындарын игеру департаменті ұсынған QG компаниялар тобы үшін геологиялық-геофизикалық ақпараттың бірыңғай платформасын қалыптастыру болды. Бұл бірегей жоба интерактивті карта және аналитикалық орта болып табылады. Мұнда тарихи және заманауи сейсмикалық, ұңғымалық деректерді жүйелеуден басқа, геологиялық бөлік бойынша өндірістік қызметтің онлайн-мониторингі жоспарланады (бұл пайдалану бұрғылау процестеріне, ұңғымаларды сынауға, далалық геологиялық барлау зерттеулеріне қатысты). Халықаралық тәжірибеде аналитикалық зерттеулердің мерзімдері мен сапасын оңтайландыруға және сәйкесінше жедел шешім қабылдауға мүмкіндік беретін ұқсас мәліметтер базасы қолданылады.


Жоба Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған газ саласын дамытудың Кешенді жоспары шеңберінде іске асырылатын болады.