17 мамырда Талас ауданының Бөлтірік шешен ауылында воркаут және баскетболалаңдары ашылды. Әлеуметтік жобаны «QazaqGaz Барлау және өндіру»бастамасымен әлеуметтік жобаларды дамыту «Samruk-Kazyna Trust» қоры қаржыландырды.
Жамбыл облысы ауылдарының әлеуметтік инфрақұрылымын салу және абаттандыру жобасы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің үшжақты серіктестігі (бизнес-әкімдік-ҮЕҰ) аясында жүзеге асырылуда.
«QazaqGaz Барлау және өндіру» бас директоры Алмас Қуандықовтың айтуынша, мұндай нысандар осы ауданның тағы да бірнеше ауылында салынады.
«2023 жылы Жамбыл облысындағы Амангелді газ кен орны өзінің 20 жылдығын атап өтуде, атаулы датаға орай «QazaqGaz» Барлау және Өндіру» ЖШС биыл өңірде бірқатар әлеуметтік және қайырымдылық жобаларды жүзеге асыруда. Айта кетерлігі, Жамбыл ауданындағы Ойық, Бөлтірік шешен, Сейілбек, Ұланбел ауылдарында әлеуметтік нысандар салынып, биыл пайдалануға берілмек».
Биылғы жылы әлеуметтік нысандарды пайдалануға берумен қатар, компания әлеуметтік жағынан осал отбасылардан шыққан студенттерге білім гранттарын бөліп, дуальды оқытуды ұйымдастыруды жоспарлап отыр.