"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" компаниялар тобында алдын алудың ең батыл шараларын қабылдай отырып және вакцинациялау мәртебесіне тұрақты мониторинг жүргізе отырып, бұл мәселеге баса назар аударуда. Бүгінгі күні вакцинаны 190 727 адам немесе Қор компаниялары тобы жұмыскерлерінің жалпы санының 69,3% алды. Вакцинаның екінші компонентін жұмысшылардың 153 761 немесе 55,9% алды.
Қордың барлық портфельдік компаниялары арасындағы салыстырмалы нәтижелер бойынша көшбасшылардың бірі "ҚазТрансГаз" АҚ болды, онда вакцинацияланған жұмыскерлердің жалпы саны бүгінгі күні 10 981 адамды немесе 87%-ды құрайды.
"Интергаз Орталық Азия" АҚ "Шымкент" МГҚБ ерекше көзге түсті, мұнда жұмыскерлердің 97,6%-ы коронавирусқа қарсы вакцинаны уақтылы алды. Екінші орында вакцинацияланған жұмыскерлердің көрсеткіші 96%-ды құрайтын "Қостанай" МГҚБ. "Интергаз Орталық Азия" АҚ Бас директоры атынан "Шымкент" МГҚБ және "Қостанай" МГҚБ жұмыскерлеріне алғыс хаттар жіберілді.
Сонымен қатар, газ мамандары салауатты өмір салтын сақтауға арналған спорттық құрал-жабдықтарды сыйлыққа алды.
Компания атынан сыйлықтар Полторацкий, Ақбұлақ ЖӨУ, "Түркістан" КС және "Шорнақ" ЖПУ жұмыскерлеріне және барлық газ таратушы шаруашылықтарына берілді.
Отандық газ саласының жұмыскерлері өткен жылы, қыста және жазда локдаун кезеңінде қазақстандықтарға көгілдір отынды үздіксіз беруді, сондай-ақ газдың транзиті мен экспорттық жеткізілімін қалыпты жүзеге асырғанын атап өту қажет. "ҚазТрансГаз" АҚ-тың барлық компаниялар тобы бойынша жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін осы күнге дейін ең қатаң шаралар қабылданды және олар орындалуда.
Қорытындылай келе, екпе алу тек ерікті мәселе екеніне назар аударғымыз келеді. Бірақ дәл бүгінгі күні вакцинация азаматтық ұстанымның кемелдену дәрежесінің және "Самұрық-Қазына" АҚ холдингінің әрбір жұмыскері тарапынан өз денсаулығына деген саналы көзқарастың көрсеткіші екенін де ұмытпаған жөн.