«ҚазТрансГаз» АҚ Бас директоры Серік Сұлтанғали және Trans-Azia Gas Pipeline Company Limited компаниясының басқарма төрағасы Цао Ямин, «Ақбұлақ» кентіндегі өндірістік алаңда тұрып, екі ел көшбасшыларын «Бозой-Шымкент» учаскесінде «ББШ» МГҚ газ толтыруға кірісуге дайын екендігі туралы хабардар етті және Мемлекет басшылары рұқсат бергеннен кейін газ құбырын газбен толтыруға кірісті.
«Бозой-Шымкент» учаскесін газбен толтыру, бұл жобаның технологиялық үдерістерінің бірі, оған құрылыс кестесіне сәйкес «Бозой» және «Ақбұлақ» газ өлшеу станциялары пайдалануға берілетін болады. Бұл бұдан әрі Батыс өңіріндегі кен орындарының табиғи газымен Қазақстанның оңтүстігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. «ББШ» МГҚ салуды аяқтау Қазақстанның оңтүстігін көгілдір отынмен тұрақты түрде қамтамасыз етуге жағдай жасайды.
«ББШ» МГҚ Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының аумағынан өтеді. Газ құбырының жалпы ұзындығы 1477 км құрайды. Жобаның шеңберінде «Бозой» және «Қараөзек» кенттерінде екі компрессорлық станция көзделген.
Ұындығы 1143 км болатын «Бозой – Шымкент» газ құбыры учаскесінің желілік бөлігін салуды аяқтау жылына 2,5 млрд.м3 дейінгі көлемде газ тасымалдауға мүмкіндік береді. «Бозой» компрессорлық станциясын пайдалануға енгізгеннен кейін газ құбырының негізгі қуаты жылына 6 млрд. м3 газды құрайды.
Бірінші кезеңде жаңа магистраль бойынша тасымалданатын газ ішкі тұтынуға арналатын болады. Газ құбырының бойында орналасқан 500-ден астам елді мекен газдандырылады. Екінші кезеңдегі жобалық қуаты жылына 10 млрд. м3 газ құбыры объектілерінің құрылысын толық аяқтау және оларды пайдалануға енгізу 2015 жылы жоспарланып отыр.
«ББШ» газ құбырын салу» мемлекеттік ауқымдағы бірқатар міндеттерді шешуге мүмкіндік туғызада: бұл қазақстандық газды республиканың оңтүстігіне беру және ҚР магистральдық газ құбырларын бірыңғай газ тасымалдау жүйесіне біріктіру және де, ақырында, қазақстандық газды Қытай Халық Республикасының нарығына экспорттау мүмкіндігі», – деп «ҚазТрансГаз» АҚ Бас директоры Серік Сұлтанғали атап өтті.
«Аталған жоба Қазақстан үшін әлеуметтік маңызды ғана емес, сондай-ақ қазақстандық табиғи газды ҚХР-ға экспорттауға мүмкіндік береді. Аталған жобаны іске асыру компания негізін қалаған сәттен бастап айқындалған оның стратегиясы мен міндетіне сәйкес келеді - «Өзара құрмет – теңдіктің алғы шарты, ынтымақтастық – бет алыс, өзара тиімді ынтымақтастық – мақсат», - деп Trans-Azia Gas Pipeline Company Limited компаниясының басқарма төрағасы Бас директоры Цао Ямин атап өтті.
«ББШ» МГҚ салу жобасының құны 3,6 млрд. АҚШ долларын құрайды. Газ құбырын салуға 3 мың 800-ге жуық адам қатысуда, олардың 90% қазақстандық мамандар.
Газ және газбен жабдықтау саласындағы Ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ сондай-ақ «Қашаған» кен орнын әзірлеу жөнінде консорциум қатысушыларымен де уағдаластыққа қол жеткізді. Нәтижесінде тауарлық газдың барлық көлемі «ББШ» газ құбыры арқылы тасымалданатын болады.
«ҚазТрансГаз» АҚ-ның Жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаменті
Тел: +7(7172) 552316 [email protected]