Ұлттық ұзақ мерзімді басымдықты қамтамасыз етілмеген рейтинг «AА(kaz)» деңгейінен «AA+(kaz)» деңгейіне дейін артқан. ИОА-ның кепілдігімен басымдықты қамтамасыз етілмеген облигациялар: «BBB-(EXP)».
Сонымен қатар «Fitch Ratings» агенттігі алда жоспарланған ҚТГ-ның облигациялар шығарылымына күтілетін басымдықты қамтамасыз етілмеген «BBB-(EXP)» рейтингін тағайындады.
ҚТГ мен оның еншілес компанияларының рейтингтерін арттыру оның рейтингтерін «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы АҚ-ның (ҚМГ ҰК, «BBB-»/«тұрақты») рейтингтеріне байланыстыруды білдіреді, ол еліміздегі газ тасымалдау және тарату сегментіндегі ҚТГ-ның үстемдік позициясына, сондай-ақ олар, мысалы, ҚМГ ҰК еурооблигацияларындағы кросс-дефолт туралы жағдайына байланысты. ҚТГ ЭДР-і қазіргі уақытта Қазақстанның ЭДР-інен («BBB»/болжам «тұрақты»)» бір деңгей төмен тұр.
Fitch ҚТГ, ИОА және ҚТГ Аймақ арасындағы заңдық, операциялық және стратегиялық топішілік байланысты күшті деп бағалайды, сондықтан екі еншілес компанияның рейтингі ҚТГ "BBB-" рейтингімен бір деңгейде тұр.
Алда жоспарланып отырған ҚТГ-ның облигацияларына ИОА кепілдік беретін болады. Облигациялардан түсетін түсімдерді ҚТГ қарыздарды қысқартуға және жалпыкорпоративтік мақсаттар үшін пайдаланатын болады.
ҚТГ мен оның еншілес компанияларының милиондаған тұтынушыларға, үй шаруашылықтарына және ондаған мың өнеркәсіптік тұтынушыларға тауарлық газ жеткізе отырып, Қазақстанда маңызды әлеуметтік функцияларды орындауы негізгі рейтингтік факторлар болып табылатыны көрсетілген.
Fitch сарапшылары мемлекет пен ҚМГ ҰК ҚТГ-ның айтарлықтай операциялық ақша ағымдарын генерациялай алатындай және бірқалыпты левериджді қолдай алатындай ҚТГ-ның қаржылық профилін реттеуді жалғастыра береді деп болжап отыр.
"ҚазТрансГаз" АҚ – Қазақстанның газ және газбен қамту саласындағы Ұлттық операторы. "ҚазТрансГаз" АҚ Компаниялар тобына газ өндіретін және оның өнімдерін тасымалдап, жеткізумен айналысатын кәсіпорындар мен ұйымдар кіреді.
«ҚазТрансГаз» АҚ Баспасөз қызметі
Тел: +7 7172 55 23 16