QazaqGaz Басқарма төрағасы Санжар Жаркешов Astana Finance Days халықаралық конференциясына қатысты. Іс-шара аясында компания басшысы спикер ретінде панельдік сессияларда сөз сөйлеп, серіктестермен стратегиялық байланыс орнату мақсатында бірнеше меморандумға қол қойды. Сонымен қатар, Санжар Жаркешов Катардан келген бизнесмендермен бірлескен панельдік сессияға қатысты.
«Қазақстанда шетелдік инвесторларды не қызықтырады? Жауап: «Газ». Бұл жаңа жаһандық тренд. 2030 жылға қарай электр энергиясының 25-30% газдан алынады. Басқа жағдайда “жасыл” экономикаға көшу мақсаты жүзеге аспайды. Кері тренд те бар, “жасыл” көрсеткішке жете алмай қалуымыз мүмкін, себебі газ саласы ауқымды қолдауды қажет етеді», – деді Санжар Жаркешов.
«Жасыл сутегі» панельдік сессиясы аясында QazaqGaz Жасыл Сутегі Альянсына мүше болып, “таза” экономикаға көшу стратегиясын үйлестіруге дайын екендігін жеткізді.
«QazaqGaz Қазақстанда газ индустриясын дамыту стратегиясын жасап жатыр. Алайда, елімізде энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша да ауқымды құжат қажет. QazaqGaz Шетелдік инвесторлар кеңесімен бірлесіп, өз кандидатурасын аталған стратегияны жасау мен орындау бойынша үйлестіруші ретінде ұсынды», – деді С. Жаркешов.
IPO-ға шығу аясында компания жаңа жобаларды қолдау әрі дамыту мақсатында газ саласына шетелдік инвесторларды тартуды көздеп отыр.
«Газ – бұл «таза» отын. Капитал нарығының қатысушыларына газ саласының жобалары қызықты, себебі бұл “жасыл” экономикаға көшудің болашағы. Аталған секторға инвестиция салу тиімді», - деді Басқарма төрағасы.