«QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Санжар Жаркешов Газ Экспорттаушы Елдер Форумының (ГЭЕФ) Бас хатшысы Мохамед Хамельмен ұйымның Доха қаласындағы (Қатар) штаб-пәтерінде кездесу өткізді. Ұлттық компания басшысы газ саласындағы ынтымақтастықтың үлкен перспективаларын атап өтіп, ГЭЕФ бастамаларын қолдады.
«Біз ГЭЕФ-пен газ саласындағы ынтымақтастық үшін үлкен перспективаларды көріп отырмыз және осы саладағы әлеуетті тиімді пайдалануға дайын екенімізді білдіреміз», - деп атап өтті Санжар Жаркешов.
Ұйым қатысушыларының үлесіне дәлелденген қорлардың 72%-ы және әлемдік газ экспортының 56%-ы тиесілі. ГЭЕФ-пен ынтымақтастық Қазақстанның газ саласын дамыту үшін маңызды қадам болады.
Газ экспорттаушы елдер форумы (ГЭЕФ) – штаб-пәтері Доха қаласында (Қатар) орналасқан, табиғи газ жеткізуші 12 мемлекетті: Алжир, Боливия, Венесуэла, Египет, Иран, Катар, Ливия, Нигерия, БАӘ, Ресей, Тринидад және Тобаго, Экваторлық Гвинеяны біріктіретін халықаралық үкіметаралық ұйым.
Ұйымның негізгі мақсаты: мүше елдердің табиғи газдың өзіндік қорларына егеменді құқықтарын қамтамасыз ету және газды экологиялық тұрақты, ұқыпты және тиімді игеру мен пайдалануды дербес жоспарлау және қамтамасыз ету, газ өнеркәсібін дамытудың негізгі аспектілері бойынша тәжірибемен, пікірмен және ақпаратпен алмасу.