Кадр саясаты


Біздің жұмыскерлер – «QazaqGaz» ҰК» АҚ басты құндылықтарының бірі, ал олардың әл-ауқаты компания табысының негізгі шарты. Сондықтан жұмыскерлерге қолайлы және лайықты еңбек жағдайлары, қолжетімді медициналық қызметтер ұсынылады, кадрлық әлеуетті дамыту процестері жетілдіріледі, оқыту және дағдыларды дамыту процестерімен жұмыс жасалады және тең мүмкіндіктер қағидаты негізінде инклюзивті жұмыс ортасы қалыптастырылады.

«QazaqGaz» ҰК» АҚ-да персоналды басқару кадрлық саясаттың базалық қағидаттарын іске асыруға негізделеді. Компанияның трансформациясы жағдайында «QazaqGaz» ҰК» АҚ басшылығы адам ресурстарын басқару және олардың құқықтарын сақтау бөлігінде жұмыскерлер алдындағы өз міндеттемелерін орындауда өзінің жауапкершілік дәрежесін түсінеді. Компания қызметінің кадрлық басқару бөлігіндегі негізгі бағыттарына мыналар жатады:

•персоналды іріктеу және компания штатын жасақтау;

•еңбек ресурстарын жоспарлау;

•персоналды оқыту және дамыту;

•персоналды ынталандыру;

•корпоративтік коммуникацияларды жетілдіру;

•ақпараттық қамтамасыз ету.