Сапа менеджменті

Компания сапа, қоршаған ортаны қорғау, денсаулықты сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы басқару жүйесін дамыту және жұмыс жағдайын сақтау есебінен корпоративтік басқарудың халықаралық талаптарына және менеджменттің озық технологияларына сәйкес келуге ұмтылады. 2022 жылы Компания менеджмент жүйесінің 12.07.2021 бастап 11.07.2024 дейін қолданыста болатын «Қазақстан Республикасының СТ ISO 45001-2019» Қазақстан Республикасының Ұлттық стандартына сәйкестігін растады. Ұлттық стандарт ISO 45001 халықаралық стандартының аналогы болып табылады және оның еңбекті қорғау және қауіпсіздік саласындағы талаптарына толық сәйкес келеді.

Бұдан басқа, Компанияда келесі сертификаттар қолданыста болды:

•ISO 9001: 2015 «Сапа менеджменті жүйесі» - 30.03.2020 бастап 25.12.2022 дейін;

•ISO 14001:2015 «Экологиялық менеджмент жүйесі» – 30.03.2020 бастап 25.12.2022 дейін.

«QazaqGaz» ҰК» АҚ бизнес-процестерді нақты ұйымдастыру, ағымдағы қызметті мониторингтеу және бақылау, заңнама талаптарын мүлтіксіз сақтау, процестерді тиімді басқару үшін барлық деңгейдегі персоналдың жауапкершілігі мен өкілеттіктерін бөлу есебінен үздік әлемдік тәжірибелерге сәйкес ИМЖ-ны жетілдіруге ұмтылады.

«QazaqGaz» ҰК»АҚ-ның сапа саласындағы саясаты

«QazaqGaz» ҰК» АҚ ақпаратын ашу саясаты